Алматыда ТМД елдеріндегі мәдени саясат талқылануда

АЛМАТЫ. Ақпанның 25-і. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Жаһанданудың өзі белгілі бір мөлшерде дәстүрлі мәдениетке өзінің әсерін тигізбей қоймайды.
None
None

Жаһандану қазақ халқы үшін ғана емес, бүкіл Орталық Азия елдеріне белгілі бір мөлшерде әсер етіп ғана қоймай, бұл үрдіс біздің түпкі тамырымызды жоғалтып алуға қауіп төндіреді. Бүгін «Нені саламыз: бекініс пе әлде арнаулы автомобиль жолдарын ба?» деген тақырыпта ТМД елдеріндегі мәдени саясаттың стратегияларын талқылауға арналған «Тағылым» мәдени-интеллекуалдық клубының кезекті отырысы барысында Мәдени саясат және өнертану институтының директоры, саяси ғылымдардың кандидаты Ерлан Саиров осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, 21-ші ғасыр қамал жасаудың ғасыры емес, керісінше мәдениетке кіру үшін үлкен-үлкен жолдар жасау ғасыры болып отыр. «Біз жаһанданудан ешқайда кете алмаймыз. Дүниежүзінде жаһандануға тәуелсіз мемлекет тек - Солтүстік Корея, одан кейін тәуелсіз тайпалар пигмейлер мен полинезиялықтар. Сондықтан 21-ші ғасырда өз дәстүрлі мәдениетімізді сақтай отырып, жаһандану үрдісінен қалмай, араласуымыз қажет. Алайда, өз мүмкіншілігімізбен кіріп, түпкі тамырымыз бен келбетімізді жоғалтпауымыз керек», дейді Ерлан Сариев. Бұл орайда ол: «Жаһандану мәдениетін қалай қабылдайтындығымызды саралап, ол мәдениеттің мәнін сараптап, қазақ мәдениетіне қалай әсер ететіндігін байқап, қалай қарым-қатынас жасайтындығымызды ойластыруымыз керек», деген пікірін білдірді.

Соңғы жаңалықтар