Алматыда ТМД елдерінің орман өнеркәсібі кешені және орман шаруашылығы жөніндегі үкіметаралық кеңестің 10-шы мәжілісі өтіп жатыр

АЛМАТЫ. Қыркүйектің 23-і. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Бүгін Алматыда ТМД елдерінің орман өнеркәсібі кешені және орман шаруашылығы жөніндегі үкіметаралық кеңестің 10-шы мәжілісі өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Орман өнеркәсібі кешені және орман шаруашылығы жөніндегі үкіметаралық кеңес құру туралы келісімге 1998 жылы 11-ші қыркүйекте Мәскеу қаласында қол қойылған.

Келісімге сәйкес тараптар орман өнеркәсібі кешені және орман шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты үйлестіру жөнінде жұмыс жүргізуде және оның дамуына жәрдемдесуде.

Алқалы жиын барысында Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей және Тәжікстан Республикаларынан келген кеңес мүшелері орман шаруашылығына қатысты экологиялық мәселелер бойынша ынтымақтастықты дамыту жөніндегі ұсыныстар, жерлердің шөлейттенуі және құнарсыздануы, орман мен су, климаттың өзгеруі және ормандарлың жай-күйі, оның ішінде осы салада бірлескен жобаларды іске асыру жөніндегі мәселелер қаралуда.

«Орманды қорғау және қалпына келтіруді тұрақтандыру мен орманды алқаптарды кеңейтіп, абаттандыру мақсатында өткен аптада ғана Үкімет қаулысымен 2011-2014 жылдарға араналған мемлекеттік «Жасыл Даму» бағдарламасы бекітілді», дейді Үкіметаралық кеңестің Төрағасы, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің Төрағасы Ерлан Нысанбаев .

Жиынға қатысушылар сонымен қатар «Құқық қолдану және орман заңнамасын басқару» бағдарламасы шеңберінде ынтымақтастықты күшейту, трансшекаралық орман өрттеріне қарсы тұру мәселелері бойынша бірлесе жұмыс істеу және ТМД-ның 20 жылдығына арналған Кеңестің он бірінші мәжілісін дайындау төңірегінде баяндамалар оқып, талқылады.

Соңғы жаңалықтар