Алматыда Үкімет жанындағы Экономикалық консультанттар кеңесінің кезекті мәжілісі өтті

АЛМАТЫ. Наурыздың 14-і. ҚазАқпарат - Бүгін, наурыздың 14-інде Алматыда Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтың төрағалығымен Қазақстан Үкіметі жанындағы Экономикалық консультанттар кеңесінің кезекті мәжілісі өтті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат Үкімет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кеңес отырысында әлемдік дағдарыс жағдайында ұлттық экономиканың түрлі даму сценарийлері, сондай-ақ Қазақстанның қаржы нарығындағы ахуалы талқыланды. Талқылау барысында жаһандық экономиканың дағдарыс трендтері ескерілген ел экономикасы өсуінің есептік-болжамдық көрсеткіштері, қаржылық қызмет тұтынушыларының мүдделері үшін отандық қаржы нарығындағы бәсекелестік деңгейін арттырудың бағыттары таныстырылды. Сарапшылар Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін нақты ұсыныстар мен кеңестер айтты. 2008 жылдың қараша айында құрылған Экономикалық консультанттар кеңесінің мақсаты - қазақстандық жетекші сарапшылармен өзекті әлеуметтік-экономикалық мәселелер бойынша консультациялар өткізу. Кеңес құрамына жетекші қазақстандық сарапшылар мен экономикалық мәселелермен айналысатын ғылыми-зерттеу орталықтарының өкілдері кіреді.
Соңғы жаңалықтар