19:24, 15 Қаңтар 2009 | GMT +5
Алматыда V Жәутіков олимпиадасы ашылды
АЛМАТЫ. Қаңтардың 15-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Бүгін Алматыдағы Студенттер сарайында 5-ші рет Жәутіков олимпиадасы ашылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Жәутіков олимпиадасы ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Алматы әкімшілігінің, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың, Республикалық тереңдетілген физика, математика мектебі түлектері қауымдастығының қолдауымен, ExxonMobil Kazakhstan Inc» және «Microsoft Kazakhstan» компанияларының демеушілігімен өткізіліп отыр. Мaтематика саласы бойынша тереңдетілген білім беретін мектептердің оқушыларына арналған олимпиада қорытындысы бойынша бұл мектептердің арнайы рейтингі жасалмақ. Биылғы олимпиадаға әлемнің 16-ы елінен 300-ден астам оқушы, 42 команда қатысуда. ҚР Білім және ғылым вице-министрі Күләш Шәмшидинованың айтуынша, Жәутіков олимпиадасы дәстүрлі халықаралық ірі білім сайысына айналып отыр. «Бұл олимпиада ізімен Астанада 2010 жылы әлемнің 110 елінің өкілдері қатысатын олимпиада өтеді», деген Білім және ғылым вице-министрі 2008 жылы 90 жаңа мектеп салынғанын, 2011 жылға дейін тағы 200 мектеп салынатынын атап өтті.