Алматыда велосипед ұрлаумен айналысқан екі жігіт ұсталды

АЛМАТЫ. Қыркүйектің 3-і. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Алматыда велосипед ұрлаумен айналысқан 18-19 жастағы екі жігіт ұсталды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат Алматы қаласы ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Денис пен Леонидтің айтуынша, балаларды қорқытып, олардың велосипедін тартып алу аса қиынға түспеген.

«Соңғы кездері ауданымызда велосипед ұрлануы жағдайы көптеп кездесуде. Қылмыскерлер ұрлап қана қоймай, ашықтан-ашық тартып алып отырған. Тәртіп сақшылары бірқатар іздестіру шараларын жүргізіп, ақыры екі алматылықтың ізіне түскен. Күдіктілер ұрланған екі велосипедті сату барысында құрықталды», дейді Алмалы аудандық ІІД-нің бастығы, полиция полковнигі Талғат Сейілханов.

Орталық базардың маңында жүрген «Боран» шолғыншы экипажы екі жігіт бағалы велосипедті арзанға саудалап жатыр деген хабарды естиді.

"Белгілі болғандай, күдіктілер екі велосипедті 11 мың теңгеге сатпақ болған. Дегенімен, жәбірленушілердің әр қайсысы қылмыскерлердің жасаған зардабын 90 мың теңгеге бағалап, велосипедтерінің қымбат бағалы екендігін айтқан.

Қазіргі уақытта ІІД-нің тергеушілері өзге аудандардағы әріптестерімен байланысып, ұсталғандардың басқада қылмыстарға қатысы бар, жоқтығын анықтауда.

Соңғы жаңалықтар