Алматыда VI республикалық педагогикалық олимпиада өтіп жатыр

АЛМАТЫ. 5 мамыр. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Алматыда «Талантты ұстаз - дарынды балаларға» атты VI республикалық педагогикалық олимпиада басталды.
None
None

Білім бәйгесін Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына және Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырып отыр. «Педагогикалық олимпиаданың мақсаты - педагогикалық мамандық және кәсіби педагогикалық білімнің маңыздылығын арттыру, педагогика саласына бағытталған талантты жастарды анықтау, педагог кадрлардың еңбегін ынталандыру және мемлекеттік қолдауды күшейту, дарынды балалармен жұмыс жасайтын білікті жас педагогтарды анықтау, жоғары сынып оқушыларының педагогикалық қызметке кәсіби икемділігін айқындау»,- дейді Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Ділдәш Битуова.

Олимпиадаға жоғары педагогикалық оқу орындарында оқуын әрі қарай жалғастыруға бағдарланған жоғарғы сынып оқушылары, педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттері, педагогикалық колледждердің жоғары курс оқушылары, магистранттар, жас педагогтар, психологтар, тәлімгерлер арасында өткізіледі.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Дарын» РҒПО-ның I, II, III дәрежелі дипломдары және естелік сыйлықтарымен марапатталады.Олимпиада ертең аяқталады.

Соңғы жаңалықтар