Алматыда ВТБ Банкі (Қазақстан) АҚ-ның бірінші универсалды бөлімі ашылды

ВТБ Банкі (Қазақстан) АҚ-сы ресейлік Банк ВТБ ААҚ ұйымының еншілес банкі болып табылады. Банк Ресей мен Қазақстан арасында дәстүрлі достастық, іскерлік және әріптестік тауар айналымын қолдау үшін құрылған. Алматы қаласында филиалды ашу банктік жеке тұлғалармен жұмыс жасау бағытын дамытудың алғашқы қадамы болды. Еншілес банктің жарғылық капиталы 9 миллиард теңгені құрайды.
ВТБ Банкі (Қазақстан) АҚ ЕҰ Басқармасының Төрағасы Сергей Гусаров Алматыдағы филиалды аша отырып, тиімді әрі бәсекелестік қабілетті өнімдерді ұсынатындығын айтады. «Біздің бәсекелестерден негізгі артықшылығымыз - бұл ВТБ тобының кәсіпқой мамандары мен күші, осының арқасында өз тұтынушыларымызды әлемнің 20-дан астам елдеріне қызметімізді ұсына аламыз», дейді С. Гусаров.
Жыл соңына дейін Банк Алматыда тағы екі бөлімшесін және Астана, Өскемен, Қарағанды, Ақтөбе, Павлодар мен Атырау қалаларында 6 филиалын ашпақ.