Алматыда жаңа демалыс орындары ашылады - А.Есімов

АЛМАТЫ. 31 шілде. ҚазАқпарат - Алматы қаласының Түрксіб және Жетісу аудандарында алдағы уақытта демалыс аймақтары ашылады.
None
None

Бұл туралы қала әкімі Ахметжан Есімов бүгін бірқатар саябақтар мен скверлерді абаттандыру жұмыстарының сапасын тексерген кезде айтты.

Әкімдіктің баспасөз қызметі таратқан хабарламаға қарағанда, қазіргі таңда  «Баум тоғайы» жағажайы айтарлықтай өзгерген. Отбасымен демалатындар үшін мұнда су аттракциондары, катамарандар, бассейндер жұмыс істеп тұр. Демалыс аймағы қоршалған, онда орындықтар қойылып, гүлдер отырғызылды, сондай-ақ автотұрақ жасалды.

Ал Жангелдин көшесінің бойындағы саябақта жаңадан балалар мен спорт алаңдары пайда болып, қайта жарақтандыру жұмыстары жүргізілген. Сондай-ақ саябаққа 3 мың раушан гүлі отырғызылып, көгалдандырылды, асфальтты жол салынып, бақ іші жарықтандырылды.

Шаһар басшысы Уәлиханов көшесінің бойында орналасқан германдық технология бойынша жасалған жаңа экологиялық тұрақтарды да көріп шықты.  Компания өкілдерінің айтуынша, экологиялық паркинг көліктің үлкен ағынына қарамастан жасыл күйін үнемі сақтап қалады.

Соңғы жаңалықтар