Алматыда жаңа маусымдағы алғашқы веложарыс өтті

АТЫ. 30 сәуір. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Бүгін Алматыда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы мен Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған жаңа маусымдағы алғашқы веложарыс өтті.
None
None

Спорттық шараға Алматы қаласы аудандарының әкімдері, елімізге танымал қазақстандық спортшылар, сонымен қатар салауатты өмір салтын ұстанушы Алматы тұрғындары мен қонақтары қатысты. Веложарыс Әл-Фараби даңғылы мен Тәттімбет көшесінің қилысынан басталып, Қазақстан Республикасының бірінші Президенті атындағы саябақ алаңында аяқталды. Жарысқа 300-ден аса спорт сүйер қауым қатысты. Шара соңында қатысушыларға сертификаттар мен естелік сыйлықтар табыстау рәсімі болып өтті. Оларды веложарыстың ең үлкен және ең кіші қатысушылары, сонымен қатар отбасы болып қатысқан жанұялар алды.

Веложарыстар Алматыда өтетін дәстүрлі шараға айналған. Ондағы мақсат - салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады. Жыл өткен сайын бұл спорттық акцияларға қатысушылардың саны артып келеді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, келесі веложарыс 9 Мамыр Жеңіс күні өтетін болады.

Соңғы жаңалықтар