Алматыда жастар форумы өтті

АЛМАТЫ. Желтоқсанның 22-і. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Бүгін Алматыда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Интеллектуалдық секіріс» атты Алматы жастарының форумы өтті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шара Алматы қалалық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма мен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қолдауымен өтіп отыр.

Форумның мақсаты - жастар бастамаларын қолдау, жаңа зияткерлік идеяларды жасау, қоғам назарын жастар мәселесіне аудару, бұқаралық ақпарат құралдарында жастардың өмірі мен қызметін жариялау, кәсіби және шығармашылық тұрғыда жастардың мықты зияткерлік күшін шоғырландыру, шығармашылық тәжірибелермен бөлісіп, өзін-өзі күшейтуге мүмкіндік беру, идеялас жақтастарымен пікір алмасып, ой бөлісу, елдің болашағына қатысты ашық сұхбаттарға  жастарды тарту.

Форумның басты идеясы жастарға өзін-өзі дамытуға серпін беру, интеллектуалдық әлеуетті өсіру. «Интеллектуалдық секіріс» форумы - бұл ойланатын жастардың өмір салты, мұндағы бар күш-жігер туған еліміз -Қазақстан Республикасының гүлденуіне бағытталған.   

Форум аясында «Интеллектуалды ұлт  - біз!»,  «Жастар және ақпарат»,

«Жастар және мегаполис» және  «Жастардың өзін-өзі басқаруы» тақырыптарында сөз қозғалып, жастар өз ойларымен бөлісті.

Соңғы жаңалықтар