Алматыда жеке сот орындаушылары институтын жетілдіру мәселелері талқыланды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда ҚР Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті ұйымдастырған Дөңгелек үстелде жеке сот орындаушылары институтын жетілдіру мәселесі талқыланды.
None
None

Бұл көшпелі отырысқа ҚР Әділет министрінің орынбасары Жанат Ешмағамбетв, ҚР Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау департаментінің директоры Саида Сағдат, Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасының төрағасы Сергей Ли, сондай-ақ, прокуратура, сот және ішкі істер органдарының өкілдері, Алматы қалалық әділет басқармасының және жергілікті жердегі жеке сот орындаушылары мен әділет департаменттерінің жетекшілері - барлығы 200-ге тарта адам қатысты.

Дөңгелек үстелдің басты тақырыбы: «Ұлт жоспары - «100 нақты қадамның» 27-ші қадамы шеңберінде жеке сот атқарушылық институты және оны дамыту» деп аталды.

«Мемлекеттік сот орындаушылық институты өзінің көрсететін қызметтерін біртіндеп жеке сот орындаушыларының құзыретіне тапсырып жатыр. Біз осы бағытта қазір жұмыс істеп жатырмыз. Бүгінгі таңда сот және мемлекеттік органдардың айыппұлдарға қатысты қабылданған шешімдерінің 57 пайызы жеке сот орындаушылардың күшімен орындалуда. Ал жеке тұлғаларға қатысты қаржы-қаражаттардың қайтарылуын қарайтын болсақ, бұл жұмыстардың 54 пайызын бүгінде жеке сот орындаушылары орындап жатыр. Біздің мақсатымыз - алдағы 3-4 жыл ішінде жеке сот орындаушылары институтын аяғынан нық тұрғызу», - деді өз сөзінде Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы, «Нұр Отан» партиясы жанындағы Құқықтық кеңес жетекшісі Нұрлан Әбдіров.

Айта кетелік, «ҚР Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшелері Ұлт жоспары - «100 нақты қадамның» 27-ші қадамының қаншалықты орындалып жатқаны жөнінде әр түрлі өңірлерге барып, тиісті мониторинг жүргізіп жатыр. Таяу күні депутаттар Оңтүстік Қазақстан облысында болды. Ал бүгін Алматыға келіп, жергілікті мемлекеттік және жеке сот орындаушыларымен кездесті. Онда осы саладағы басты мәселелер: әкімшілік айыппұлдар, алимент төлемеу, банк пен жеке тұлғалар арасындағы қарым-қатынастар, көптеген сот шешімдерінің орындалмай жатқандағы туралы мәселелер талқыланды.

Соңғы жаңалықтар