18:44, 26 Мамыр 2016 | GMT +5
Алматыда жеке тұрғын үй құрылысына арналған бос жер телімдері жоқ - әкімдік
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы аумағында бос жатқан жер телімдерінің жоқтығына байланысты, қазіргі таңда жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін жер телімдерін ұсыну мүмкін емес. Бұл туралы бүгін Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

«Алматы аумағында бос жатқан жер телімдерінің жоқтығына байланысты, қазіргі таңда жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін жер телімдерін ұсыну мүмкін емес. Қала жерінің шектеулілігіне байланысты, Алматы қаласының бас жоспарында жеке тұрғын үй құрылысына арналған жаңа аудандарды дамыту қарастырылмаған», - делінген хабарламада.
Айта кетелік, Алматының ағымдағы бас жоспары қалалық мәслихаттың 2006 жылы 20 қарашадағы №284-ші шешімімен мақұлданған.