Алматыда Жеңіс күні тойланып жатыр

АЛМАТЫ. 9 мамыр. ҚазАқпарат - Алматыда Жеңіс күні тойлануда. Негізгі іс-шаралар дәстүрлі түрде күндіз 28 панфиловшы атындағы саябақта, кешке «Астана» алаңында өтеді.
None
None

Таңертеңнен шаһар тұрғындары Мәңгі алауға гүл шоқтарын қойып, Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза болған жауынгерлер рухына тағзым етуге 28 панфиловшы атындағы саябаққа жиналып жатыр. Миллиондаған адамның ғұмырын қиған осынау зұлмат соғыс қасіретінен тыс қалған Алматыда бірде бір отбасы жоқ.

Саябақта әскери патриоттық әндер концерті өткізілетін сахна орнатылған, әскери техника көрмесі ұйымдастырылды. Сондай-ақ, ресми тұлғалар, соғыс ардагерлері және әскери оркестрдің қатысуымен өтетін Даңқ мемориалына гүл шоқтарын қою салтанатты рәсімі өтеді.

Кешке «Астана» алаңында мерекелік концерт өтеді. Алматылықтар Әлібек Дінішев, Жеңіс Ысқақова, Анастасия Усова және басқа да белгілі қазақстандық әртістердің орындауында соғыс әндерін тыңдай алады.

Жеңіс күнін мерекелеу дәстүрлі отшашумен аяқталады.

Соңғы жаңалықтар