Алматыда жол полициясы эвакуатордың көмегімен көлік ұрлаушыларға қарсы шаралар қолдануда
Жол полициясы алдағы уақытта мұндай жағдайлардың қайталанбауы үшін арнайы іс-шараларды жүзеге асыруда, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық ішкі департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Полицейлердің айтуынша, көлік ұрлығына қатысты қылмыстарды тергеу шаралары кезінде эвакуаторшы-мамандар өздерінің оған қалай қатысты боп қалғандарын аңғармай қалған. Сол себепті олар жеңіл автомашиналарды тасымалдаумен айналысатын жеке тұлғалар мен мемлекеттік кәсіпорындардың басшыларымен арнайы кездесулер өткізген.
«Алматыда көлік құралдарын эвакуациялаумен 100 шақты жеке тұлға айналысады. Біз оларға жоғарыда орын алған қылмыстық жәйттармен таныстырып, олардың жауапкершілігін түсіндірдік. Сондай-ақ тапсырыс берушіден көлік құжаттарын талап етуі керектігін және көліктерді тасымалдаудың есебін жүргізіп отыруға міндеттедік», дейді қалалық ішік істер департаментінің Жол полициясы басқармасының бастығы Арман Сарбасов. Оның сөзіне қарағанда, бұл кездесулер кезінде полиция мен кәсіпорын жетекшілері ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойған. Онда тараптардың өз күшін барынша азаматтардың қауіпсіздігі мен олардың мүліктерін сақтауға бағыттауы атап көрсетілген. Кездесу кезінде олар сонымен қатар, көліктер құралдарын эвакуациялаумен айналысатын кәсіпорындардың қатысуымен орын алған ұрлыққа қатысты жәйттерді ескерту мәселелерін де жан-жақты талқылады.