Алматыда жолаушылар тасымалы ережесін бұзған 5 жүргізушісі жұмыстан шығарылды

АЛМАТЫ. 6 мамыр. ҚазАқпарат - Өткен аптада қоғамдық көлікті бақылау қызметі тасымалдау ережелерін бұзудың 75 оқиғасын анықтады.
None
None

Олардың арасында - жол билеттерінің және көлік салонында ақпараттық қағаздың болмауы, көлік жүргізушілерінің арнайы киімінің жоқтығы, рұқсат етілмеген жерлерге тоқтау және жолаушыларды түсіру, қосымша орындардың болмауы және өзге де фактілер бар.

Алматы қалалық жолаушылар көлігі басқармасынан хабарлағандай, бұл тексеруден кейін қоғамдық көліктің 5 жүргізушісі жұмыстан босатылды.

Айта кетейік, қалалық жолаушылар көлігі басқармасы қоғамдық көліктердегі мұндай тексерісті 2012 жылдың 3 қыркүйегінен бері тұрақты өткізіп келеді. Жылжымалы бақылау топтарының құрамына жолаушылар көлігі басқармасының және тасымалдаушылардың өкілдері енген. Олар күні бойы қалалық көліктің қызметін тексеріп, ереже бұзушыларды фото мен видеоға түсіріп алады.

Соңғы жаңалықтар