Алматыда жолды бөлісе алмаған көліктер жарнама бағанын қиратты

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жеңіл көлік жарнама бағанын қиратты. Жол апаты бүгін таңертең Наурызбай-Төле би көшелерінің қиылысында болды.
None
None

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, «Лада» мен «Мерседес» көліктері жолды бөлісе алмай, біріншісі сол жақтағы жарнама бағанын сұлатып барып тоқтаған. Жол апаты салдарынан «Ладаның» жолаушысы мен жүргізушісі жарақат алды. Оларды жедел жәрдем көлігі алып кетті. Қазір жол апатының себептері анықталып жатыр.

Соңғы жаңалықтар