14:57, 13 Тамыз 2015 | GMT +5
Алматыда жүк пойызы ер адамды қағып кетті
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жүк пойызы ер адамды қағып кетті. Салдарынан 1989 жылы туған азамат сол жерде көз жұмды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне Алматы-1 стансасының желілік істер басқармасының кезекші инспекторы, капитан Әлмағамбетов Қайрат айтты.
«Ер адам жақын маңдағы уақытша сақтау қоймаларында логист болып қызмет еткен. Таңертеңгі 8:33-те жұмысына асығып бара жатқан. Жұлдыз шағын ауданы маңындағы ашық жерден өтем дегенде жүк пойызының астына түсіп қалған. Алған жараларына ол сол жерде қаза болды», - деді кезекші. Оның айтуынша, қазір аталған дерек бойынша ҚР ҚК 344-бабының 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сот алды тергеу ісінің бірыңғай реестріне тіркелді.