Алматыда «Жүрек жылуы» шарасы өтеді
Оны Алматы қаласы әкімдігі, «Нұр-Отан» Халықтық-демократиялық партиясы, «Зодиак» продюсерлік орталығы, Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономика университеті және Тұран университеті бірлесіп ұйымдастырып отыр. Оған Мақпал Жүнісова, Жолбарыс Сейфуллин, Ақылбек Жеменей, Меруерт Түсіпбаева, Ақбота Керімбекова, Саят Медеуов, Еркін Құдайбергенов, Бүркіт, Шахизада, Парвиз Назаров сияқты өнер жұлдыздары қатысады деп жоспарлануда.
Статитикалық деректерге қарағанда, республикада 36 777 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар бар. Оның 17 486-сы 205 мекемеде тәрбиеленуде. Олардың 2134-і - денсаулық сақтау жүйесінің 26 балалар үйінде, 1249-ы - халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің 19 мүгедек балалар үйінде, 14 103-і - білім беру жүйесінің 160 ұйымында тәрбиеленуде.