16:40, 30 Қазан 2009 | GMT +5
Алматыда жүргіншілердің кінәсінен 9 айдың ішінде 477 жол-көлік оқиғасы орын алды
АЛМАТЫ. Қазанның 30-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда жол полициясы басқармасы қызметкерлері «Жүргінші» алдын алу шарасын жүргізуде,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Биыл 9 айда жүргіншілердің кінәсінен 477 жол-көлік оқиғасы орын алды. Онда 47 адам көз жұмып, 447 адам түрлі деңгейдегі дене жарақатын алған. Жалпы үстіміздегі жылы жүргіншілердің кінәсінен орын алған жол-көлік оқиғалары өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16 пайызға төмендеп отыр. Былтыр 568 жол-көлік оқиғасы кезінде 49 адам мерт болып, 543 адам жарақат алған еді», дейді қалалық жол полициясы басқармасының бастығы Мұхтар Түсіпов. Оның айтуынша, қалада тіркелген жол-көлік оқиғаларының әрбір екіншісі жүргіншілердің кінәсінен орын алады. «Жүргінші» алдын-алу шарасының да басты мақсаты - жол қауіпсіздігін арттыру.