Алматыда жыл соңына дейін 100-ден астам ШОБ нысандары ашылады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда 2016 жылдың соңына дейін сауда, қызмет көрсету, коммерциялық жылжымайтын мүлік және әлеуметтік салалардың 100-ден астам нысандары пайдалануға беріледі. Бұл туралы бүгін Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады. Мысалы, таяуда Медеу ауданында «Манана» мейрамханасы ашылды. Оған жұмсалған инвестиция көлемі 700 миллиондай теңгені құрады. Ең бастысы, бұл нысанда тұрақты негізде 50 жаңа жұмыс орны ашылды.
None
None

Сонымен қатар, қызмет көрсету саласы бойынша жаңа нысандарды пайдалануға беру осы саладағы кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін да арттырады.

Оған қоса, «Универсиада-2017» және «Экспо-2017» секілді халықаралық шаралар қарсаңында көрсетілетін қызметтердің сапасын да арттыруға септігін тигізеді.
Тағы бір айта кететін жайт, Алматыда шағын және орта бизнестің үлесі артып келеді. Қазіргі таңда қалада 180 000-нан астам ШОБ субъектілері тіркелген. Оларда 580 мыңнан астам адам жұмыс істейді.
Өткен жылы шағын және орта бизнес субъектілері шығарған өнімдердің жалпы көлемі 4,2 трлн. теңгені құрады. Бұл 2014 жылмен салыстырғанда 21,1 пайызға жоғары.
Ал, 2016 жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығында банктердің шағын кәсіпкерлік субъектілеріне берген несиелерінің көлемі 358,2 млрд. теңгеге жетті. Бұл Қазақстан бойынша шағын кәсіпкерлік субъектілеріне берілген несиелердің 50 пайызын құрады.
Айта кетелік, Алматыда жаңа нысандар жергілікті биліктің инвестиция мен бизнес үшін қолайлы жағдай жасау бойынша атқарып жатқан жұмыстарының арқасында ашылуда.
Бұл бағыттағы жұмыстар «Алматы-2020» даму бағдарламасы негізінде жүргізіледі.

Соңғы жаңалықтар