16:05, 06 Мамыр 2013 | GMT +5
Алматыдағы №60 гимназияның оқушылары Елбасын Отан қорғаушы күнімен құттықтады
АСТАНА. 6 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласындағы №60 гимназияның екінші «Б» сыныбының оқушыларымен кездесті.

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.
Оқушылар Нұрсұлтан Назарбаевқа жазылған хатта елорданы аралап, Ақорданы көргісі келетіндіктері туралы тілек білдірген.
Мемлекет басшысымен кездесіп, Отан қорғаушы күнімен құттықтау мүмкіндігіне ие болуы олардың Астанаға сапарының басты оқиғасына айналды. Бұдан соң гимназия оқушылары үшін Қазақстан Президенті резиденциясының залдарына арнайы экскурсия ұйымдастырылды.