Алматыдағы халықаралық конференцияда ЖОО-лардағы кадрларды басқару жүйесін жаңарту мәселелері талқылануда

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда «Жоғары білім беру саласындағы HR менеджменті: тәжірибесі және даму келешегі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтіп жатыр.
None
None

Оған ҚР Білім және ғылым министрлігі, отандық және шетелдік университеттердің жетекшілері мен қызметкерлері, жоғары және орта мнеджменті, сонымен қатар мемлекеттік органдардың HR бөлімдерінің жетекшілері және басқа да мүдделі тұлғалар қатысуда.

«Бұл халықаралық форумның мақсаты - білім беру ұйымдарындағы адам ресурстарын басқару тәсілдерін жүйелеу арқылы ЖОО дамуына ықпал ету, Еуропа университеттеріндегі HR менеджмент саласындағы жетістіктерімен танысу және өзара тәжірибе алмасу. Осымен үшінші жылы жүзеге асырылып жатқан «PEOPLE -Адамдарды дамыту арқылы бім беру ұйымдарының дамына жәрдемдесу» халықаралық жобасының аралық қорытындысын шығару», - деді «ҚазАқпарат» тілшісіне берген сұхбатында Қазақстандағы ЭРАЗМУС+ бағдарламаларының Ұлттық кеңсесінің үйлестірушісі Шайзада Тасболатова.

Сонымен қатар, ол осы жоба аясында жоғары оқу орындарында кадрларды басқару жүйесін заман талабына сай өзгертудің өте маңызды екендігін жеткізді.

«Әрине, әдемі ғимарат салуға болады, керемет кітапхана жасап, оны заманауи техникалармен жабдықтауға болады. Бірақ, нағыз мамандарсыз олардың түкке керегі жоқ. Сондықтан, ең бастысы адамдардың әлеуетін, адам ресурсын дамыту қажет. Бұл жерде жоғары оқу орындарындағы және басқа да мемлекеттік және жеке ұйымдарда кадрлар бөліміне үлкен міндет жүктеледі. Олар бұрын тек техникалық мәселелермен ғана айналысатын. Ал бүгінде кадрлар бөлімі адамдардың дамуын басқаратын, олардың біліктілігін арттыруға күш салатын орталықтарға айналуы тиіс», - деді Ш. Тасболатова.

Бүгінгі шараны Т. Рысқұлов атындағы Жаңа экономикалық университеті, М. Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы, Қарағанды мемлекеттік медицина университеті және С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті ұйымдастырды.

Айта кетелік, Эразмус+ - Еуропалық Одақтың білім беру мен оқыту, спорт және жастар саясаты салаларындағы академиялық ұтқырлыққа, әріптестікке, жобаларға қолдау көрсетуге бағытталған 2014-2020 жж. арналған жаңа бағдарламасы.

Ал Темпус - Еуропа Одағының (ЕО) Шығыс Еуропа, Орта Азия, Батыс Балкан және Жерорта теңізі аймағындағы серіктес-елдерде жоғары білім беруді жетілдіру үрдістерін, көбінесе жоғары білім беру орындары арасындағы ынтымақтастық жобаларын іске асыру арқылы қолдауға бағытталған бағдарламаларының бірі.

«PEOPLE - Адамдарды дамыту арқылы бім беру ұйымдарының дамына жәрдемдесу» халықаралық жобасы осы бағдарлама аясында жүзеге асырылып жатыр.

Конференция кешкі сағат 17:00-ге дейін жалғасады.

Соңғы жаңалықтар