Алматыдағы ҚазҰПУ-де «Абай» мұражай-бөлмесі ашылды

ЛМАТЫ. Сәуірдің 9-і. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Бүгін Алматыдағы Қазақтың Абай атындағы ұлттық педагогикалық университетінде «Абай» мұражай-бөлмесінің ашылу рәсімі өтті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ғұлама ақынның өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін мұражайда, оның еңбектерінің бүкіл адамзат үшін өсиет ретінде қалдырылғаны баяндалады.

Аталмыш университеттің ректоры, профессор Серік Пірәлиевтің айтуынша, 2008 жылы оқу орынында «Абайтану» ғылыми-зерттеу орталығы ашылған. Ал 2009 жылдың күзінен бастап, барлық факультеттерге «Абайтану» жеке пән ретінде тұңғыш рет енгізілген. «Ендігі мақсатымыз, Абайдың ғылыми еңбектерін одан әрі зерттеп, халқымыз бен дүниежүзіне таныту», дейді С.Пірәлиев.

Соңғы жаңалықтар