Алматыдағы студенттер жатақханасының басты проблемасы - жуынатын кабиналардың болмауы

АЛМАТЫ. 19 сәуір. ҚазАқпарат - Тексеру жүргізу барысында жатақханалардың жетіспеушілігі салдарынан студенттердің өте тығыз орналасу деректері анықталды. Бұл туралы бүгін Алматыдағы ЖОО-лардың студенттік жатақханаларына жүргізілген тексеру шараларының қорытындысына арналған отырыста қалалық әкімдіктің Жастар саясаты мәселелері басқармасының бастығы Санжар Боқаев мәлім етті.
None
None

«Бірақ, студенттер арызданбайды, қысылып, қымтырылып отырса да ренжіген емес. Дегенмен барлық жатақханаларда тамақ әзірлейтін плита, қол жуатын жер, санузл жетіспейді немесе өте мүшкіл жағдайда», - деді С.Боқаев.

Ол әсіресе қыздардың басты проблемасы себезгі кабиналардың жетіспеушілігі болып отырғандығын баса айтты. Оның атап өтуінше, себезгілер көптеген жатақханаларда белгілі күндері, белгілі сағатта ғана жұмыс істейді.

Сонымен қатар С.Боқаев студенттердің өміріне қатысты барлық мәселе бойынша қала әкімі нақты шешімдерді және шұғыл арада шараларды қабылдауды талап ететіндігін баса айтты.

Соңғы жаңалықтар