01:21, 31 Қазан 2015 | GMT +5
Алматыдан 192 шақырым жерде жер сілкінді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 30 қазан күні Алматы уақыты бойынша түнгі сағат 23:43-те «ҚР БҒМ ҰК СТӘЭ» ММ-нің сейсмикалық стансаларының желісі жер сілкінісін тіркеді.
Оның ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 192 шақырым жерде Қырғызстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9.4, магнитудасы - 4,4. Тереңдігі - 15 шақырым.
Алматыда жер асты дүмпуі сезілген жоқ.