01:11, 11 Тамыз 2015 | GMT +5
Алматыдан 333 шақырым қашықтықта жер сілкінісі тіркелді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 10 тамыз күні Алматы уақыты бойынша сағат 22:52-де «ҚР БҒМ ҰК СТӘЭ» ММ-нің сейсмикалық стансаларының желісі жер сілкінісін тіркеді.
Оның ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 333 шақырым қашықтықта Қырғызстан аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9,8, магнитудасы - 4,3. Тереңдігі - 0-5 шақырым.
Жер асты дүмпуі сезілген жоқ.