15:10, 30 Қараша 2015 | GMT +5
Алматыдан 384 шақырым қашықтықта Қытай аумағында жер сілкінді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 30 қараша күні Алматы уақыты бойынша сағат 14.40-та «ҚР БҒМ ҰК СТӘЭ» ММ-нің сейсмикалық стансаларының желісі жер сілкінісін тіркеді.
Оның ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 384 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 10, магнитудасы - 5.1. Тереңдігі - 10 шақырым. Алматыда жер асты дүмпуі сезілген жоқ.