09:45, 30 Сәуір 2013 | GMT +5
Алматыдан 540 шақырым жерде 4,4 балл қуатымен жер сілкінді
АЛМАТЫ. 30 сәуір. ҚазАқпарат - «ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің

сейсмикалық стансыларының желісі 2013 жылдың 30 сәуір күні алматы уақыты бойынша түнгі сағат 00.55-те (Гринвич бойынша 2013 жыл 29 сәуір 18 сағат 55 минут 55 секунд) жер сілкінісін тіркеді.
Зілзаланың ошағы еліміздің аумағында Алматы қаласынан батысқа қарай 540 шақырым жерде орналасты.
Жер сілкінісінің энергетикалық санаты - 9,6. MPV магнитудасы - 4,4. Сезілу туралы мәлімет (МSК-64 бағаны бойынша) - жоқ.