Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай екі рет жер сілкінісі тіркелді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 10 тамыз күні Алматы уақыты бойынша сағат 18.31-де «ҚР БҒМ ҰК СТӘЭ» ММ-нің сейсмикалық стансаларының желісі жер сілкінісін тіркеді.
None
None

Оның ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 333 шақырым қашықтықта Қырғызстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 11,5, магнитудасы - 5,2. Тереңдігі - 0-5 шақырым.

Бұдан соң сағат 18.45-те дәл осы дәлдікте жер сілкінісі қайталанды. Оның энергетикалық класы - 10,7, магнитудасы - 4,7, тереңдігі - 0-5 шақырым болды. Жер асты дүмпулері сезілген жоқ.

Соңғы жаңалықтар