10:45, 06 Шілде 2013 | GMT +5
Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 88 шақырым жерде жер сілкінді
АСТАНА. 6 шілде. ҚазАқпарат - «ҚР БҒМ ҒК Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің стансылар желісі бүгін Алматы уақытымен 02 сағат 55 минут 31 секундта (2013 жылғы 5 шілдеде Гринвич бойынша сағат 02:55:31) жер сілкінісін тіркеді.
Зілзаланың ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 88 шақырым жерде Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында 5 шақырым тереңдікте орналасты.
Жер сілкінісінің энергетикалық санаты - 9,3.
Магнитудасы MPV 4.4.
Сезілу туралы (МSК-64 шкаласы бойынша) мәліметтер жоқ.