Алматыға белгілі араб ақыны Әбд әл-Әзиз Сауд әл-Бабтин арнайы сапармен келеді

None
None
АЛМАТЫ. Мамырдың 19-ы. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Мамырдың 24-26 аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне араб ақыны, «Поэтикалық шығармашылықты қолдау қоры» директорлар кеңесінің төрағасы, куәйттік кәсіпкер Әбд әл-Әзиз Сауд әл-Бабтин арнайы сапармен келеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚазҰУ-дың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Сапар кезінде ол Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры, академик Бақытжан Жұмағұловпен кездесіп, университеттің профессор-оқытушылар ұжымының алдында ашық лекция оқиды. Сондай-ақ оның 15 адамнан тұратын өкілдері дүние жүзінде қайырымдылық және мәдени жұмыстарымен танымал Әбд әл-Әзиз Сауд әл-Бабтин қорының іс-шараларын таныстыратын болады.Куәйттік жоғары мәртебелі қонақ бұдан кейін ҚазҰУ-дің шығыстану факультетінің арабтану кафедрасында Александриялық университет оқытушысы Асмаа Рафааттың жетекшілігімен студенттерге арналған араб тілі бойынша өтіп жатқан семинардың салтанатты жабылуына қатысып, қатысушыларға өз қолымен сертификаттар табыстайды. Сондай-ақ куәйттік мейман университет кітапханасына араб елдерінің тарихы, әдебиеті және мәдениетіне қатысты кітаптарды сыйға тартпақ.Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ғылыми кеңесінің шешімі бойынша Әбд әл-Әзиз Сауд әл-Бабтин мырзаға оның араб тілі мен мәдениетін дамытуға қосқан үлесі үшін ҚазҰУ-дың құрметті докторы атағын беру шарасы өткізіледі. Кездесу аясында Әбд әл-Әзиз Сауд әл-Бабтин Бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлімен және Қазақстан жазушыларымен жүздеседі.
Соңғы жаңалықтар