12:13, 11 Желтоқсан 2012 | GMT +5
Алматыға Қаһарман қала мәртебесін беру ұсынылды
АЛМАТЫ. 11 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда 1986 жылғы желтоқсан көтерілісін есте қалдыру мақсатында құрылған қоғамдық ұйымдар қалалық мәслихат депутаттары мен барлық шаһар тұрғындарына ерекше ұсыныс жасады.

«Алматы қаласына - Қаһарман, батыр қала мәртебесін берсек бүкіл қазақ елі аумин дері хаһ. Бұл ұсыныстың себебі, 1986 жылы қазақ халқы бүгінгі Тәуелсіздік алаңына шығып, бүкіл одақтас елдердің егемендік алуына жол салды. Сол көтерлістің қасіретін көтеріп, қазақтың тәуелсіздігін әкелген Алматыға Қаһарман қала деген атқа өте лайық», - дейді «Желтоқсан-86 тәуелсіздік қырандары» республикалық халық қаһармандары қозғалысының төрайымы Гүлбахрам Жүніс.
Сондай-ақ Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында арнайы бас қосқан желтоқсандықтар ел тарихындағы ең ұлы мерекені лайықты атап өтуге шақырды.