Алматыға келген АҚШ Мемхатшысының бірінші орынбасары Елбасыға Барак Обаманың сәлемін жеткізді

АСТАНА. 26 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ Мемлекеттік хатшысының бірінші орынбасары Уильям Бёрнспен кездесу өткізді.
None
None

Ақорданың баспасөз қызметінен мәлім еткендей, әңгімелесу барысында Америка Құрама Штаттарымен арадағы көпжоспарлы стратегиялық серіктестік аясын кеңейтудің және оны арттырудың негізгі қырлары қарастырылды.

Нұрсұлтан Назарбаев Бостон қаласында болған лаңкестік актіге байланысты тағы да көңіл айтты.

Өз кезегінде У.Бёрнс Мемлекет басшысына АҚШ Президенті Барак Обаманың сәлемін жеткізді.

Тараптар екі ел арасындағы экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың перспективаларын талқылауға көңіл бөлді.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев біздің еліміздің Ауғанстанды әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан қалпына келтіру ісіне ықыласты екенін айтып, Қазақстанның жүзеге асырып жатқан жобалары туралы әңгімелеп берді.

Соңғы жаңалықтар