Алматылық ЦСКА баскетбол командасы Қырғызстанда өткен халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды

БІШКЕК.  Желтоқсанның   21-і. ҚазАқпарат /Евгений Новиков/ -   Алматылық ЦСКА  командасының  баскетболшылары    желтоқсанның 18-20-сы аралығында Бішкекте  өткен   халықаралық турнирдің  жеңімпазы атанды. 
None
None

Қырғыз Республикасының   еңбек сіңірген жаттықтырушысы  Құбат Қарабековты  еске алуға арналған   бұл жарысқа  ЦСКА командасы,  Қырғызстан құрамасы  және    Бішкек  құрамасы - «Форвард»   баскетбол  командасы   қатысты.

Бірінші  күні  ойын  алматылық клуб  пен    Бішкек   командасының арасында  өтіп,  ойын   100:60  есебімен,   қазақстандықтардың жеңісімен  аяқталды.  Екінші күні   екі  қырғыз  командасы   кездесіп, ел  құрамасы   93:60 есебімен   басым  түсті.

Турнирдің  үшінші күні   кездескен  ЦСКА     клубы мен  Қырғызстан   құрамасының  ойыны 102:92 есеппен,   алматылықтардың   жеңісімен  аяқталды.

Соңғы жаңалықтар