Алматылықтар Отан қорғаушы күні және Жеңіс күні мерекелерін велошерумен атап өтті

АЛМАТЫ. 6 мамыр. ҚазАқпарат - Жуырда Алматыда Отан қорғаушы күні мен Жеңіс күнін мерекелеуге арналған веложарыс ұйымдастырылды.
None
None

Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Дәстүрлі веложарысқа қала әкімі Ахметжан Есімов және жуырда ғана футзалдан UEFA кубогін ұтып алған «Қайрат» командасының футболшылары да қатысты.

Жарыс мәресінде қала әкімі шараға қатысушыларды мерекелерімен құттықтады.

«Бүгінгі біздің веложарысымыз Ұлы Жеңіс күніне арналған! Сол себепті Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 68 жылдығымен барлықтарыңызды құттықтап, ардақты ардагерлерімізге шексіз алғысымды білдіруге рұқсат етіңіздер. Сондай-ақ, алда келе жатқан Отан қорғаушы күнімен де барлықтарыңызды құттықайтын», - деді А. Есімов.

Сонымен қатар, қала басшысы православие дінінің өкілдерін Пасха мерекесімен де құттықтап өтті.

Футзалдан UEFA кубогінің жеңімпаздары да қала халқын алдағы мерекелерімен құттықтап, қолдау көрсеткендері үшін алғыстарын білдірді.

Ұйымдастырушылардың мәліметі бойынша, веложарысқа шамамен 1500-дей алматылық қатысты.

Соңғы жаңалықтар