Алматылықтар Жеңіс күніне орай «Панфиловшылар шыңын» бағындырды

АЛМАТЫ. 9 мамыр. ҚазАқпарат - Алматылықтар Жеңіс күні мерекесін 28 гвардиялық панфиловшылар саябағында ерекше салтанатпен атап өтуде. Олар бұл рәсімді мәңгілік алауға гүл шоғын қойып, майдан даласында шейіт болған есіл ерлердің рухына тағзым етті. Одан кейін мерекелік концертті тамашалап, арнайы ұйымдастырылған далалық жауынгерлік асханадан дәм татты.
None
None

Жалпы алматылықтар Жеңіс күнін жылдағы дәстүр бойынша биыл да мереке қарсаңында Қазақ география қоғамы ұйымдастырған 28 гвардиялық панфиловшылар шыңына альпиниада жасаудан бастаған болатын. Оған қатысушылар бұл шараны альпинистер мемориалынан бастап, одан кейін Тұйық су шатқалы арқылы Мыңжылқы шатқалына жетті. Онда Кеңес Одағының батыры Мәншүк Мәметова атындағы көл мен асуға аялдап, қайта күш жинаған соң ғана діттеген шыңға көтерілді.

Батыр панфиловшылар шыңы - Іле Алатауының кіші Алматы бөлігіндегі Азутауда орналасқан. Оның ең биік жері теңіз деңгейін 4120 метрді құрайды. Бұл шыңды алғаш рет 1942 жылы Бүкілодақтық таулық дайындық мектебінің курсанттары бағындырған болатын. Кейін ол 28 гвардиялық панфиловшылардың құрметіне Батыр панфиловшылар шыңы деп аталды.

Соңғы жаңалықтар