07:53, 26 Ақпан 2010 | GMT +5
Алматының 55 ауруханасында «Нұр Отан» ХДП-ның партиялық бақылау постары жұмыс істейді
/strong>Ақпанның 26-сы. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Алматыдағы 55 медициналық мекемеде «Нұр Отан» ХДП партиялық бақылау постары жұмыс істейді. Бұл туралы бүгін №8 қалалық ауруханада өткен партиялық постар қызметін түсіндіруге арналған жиында Нұр Отан» ХДП Алмалы аудандық филиалы төрағасының орынбасары Александр Братенков айтты,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Нұр Отан»ХДП Алмалы аудандық филиалы ұйымдастырған отырыста бірыңғай ұлттық медициналық жүйесі мен партиялық бақылау постарының қызметі түсіндірілді. Шараға қалалық мәслихат депутаттары мен ауруханалардың бас дәрігерлері, аудан тұрғындары қатысты.
№8 қалалық аурухананың бас дәрігері Жақсыбай Біржігітовтың айтуынша, биылғы жылдың алғашқы 2 айында бірыңғай ұлттық медициналық жүйе бойынша Алмалы ауданындағы ауруханаларға 4 689 адам тіркеліп, 1 812 адам басқа ауруханалаға ауысқан. «Біздің ауруханада тіркелгендер санының артуы 72 мың адамнан 85 мың адамға дейін жетті» дейді Ж.Біржігітов.