Алматының Alatau IT City ақпараттық-технологиялар паркінде Қазақстанның инновациялық даму мүмкіндіктері мен кедергілері талқыланады
Іс-шараның мақсаты - Қазақстанның инновациялық дамуының факторлары мен шарттарын анықтау. Іс-шара барысында Қазақстанның индустриалық-инновациялық даму бағдарламасының негізгі бағыттары, инновациялық саясатты республикалық және аймақтық деңгейде жүзеге асырудың ерекшеліктері, халықты, соның ішінде жастарды инновациялық технологиялардың жасалуы туралы хабардар ету мәселелері, сондай-ақ жас инноваторлардың «Alatau IT City Management» технопаркіне қатысу шарттары қарастырылады.
Сонымен қатар іс-шара шеңберінде «Alatau IT City Management» технопаркінде экскурсия өткізіледі.
Іс-шараға «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ-ның, «Astana Innovations» АҚ-ның, Назарбаев Университетінің, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының өкілдері қатысады. Сонымен қатар «Болашақ» стипендиясының түлектері, студенттер, жастар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысады.
Ұйымдастырушылар: «Болашақ» Қауымдастығы, «Alatau IT City Management» ЖШС.