23:38, 10 Қазан 2012 | GMT +5
Алматының Алмалы ауданында жоғары оқу орындары студенттерінің қатысуымен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында кездесу өтеді
АСТАНА. 10 қазан. ҚазАқпарат - Ертең Алмалы аудандық «Нашақорлық және есірткі саудасына қарсы күрес» жөніндегі комиссиясы «Болашақ бүгіннен басталады!» атты республикалық акция аясында

Қазақстан-Британ техникалық университетінде аудан көлеміндегі барлық жоғары оқу орындарының 1 курс студенттерінің қатысуымен нашарқорлықтың алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында кездесу өткізеді.
Бұл туралы Алмалы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Басқосуға нарколог-дәрігерлер, құқық қорғау органдарының басшылары, үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері және 1000-ға жуық студент жастар қатысады.