Алматының дауыс беру учаскелері сайлауға сақадай сай дайын - ТМД байқаушылар миссиясы

АЛМАТЫ. 6 қаңтар. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда сайлау учаскелерін техникалық қамтамасыз ету жұмыстары толығымен аяқталды.
None
None

Бұл туралы бүгін қала әкімінің бірінші орынбасары Мәулен Мұқашевпен кездесу барысында ТМД байқаушылар миссиясы штаб жетекшісінің орынбасары Олег Кулеба мәлім етті.

«Алматының сайлау органдары сайлау жоғары деңгейде өту үшін барлық жағдайды жасауда. Бәрі заңға сәйкес ұйымдастырылған. Дауыс беру учаскелері сайлауғадайын. Біз Қазақстандағы сайлау кампаниясына бірінші рет қатысып отырғанымыз жоқ. Осы күнге дейін, сайлау учаскелеріне бару, ақпарат алу, сайлау партияларымен және үміткерлермен тілдесуде еш уақытта және ешқандай мәселе туындаған емес», - дейді О.Кулеба.

Оның айтуынша, ТМД байқаушылар миссиясы өз міндетін жоспарланғандай толық көлемде жүзеге асыру үшін барлық жағдай жасалды. Бұл сайлау науқанының ұйымдастырылуы мен өткізілуінен шынайы шешім шығаруға мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар