Алматының энергетика және сумен жабдықтау басқармасына жаңа басшы келді

АЛМАТЫ. ҰазАқпарат - Алматы қаласы энергетика және сумен жабдықтау басқармасының басшысы лауазымына Талғат Малыбаев тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Талғат Малыбаев 1987 жылы 20 желтоқсанда Қарағанды облысында туған.

Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін «көлік» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2010 жылы Қарағандыдағы «Агро-Консалтинг-К» АҚ Стратегия және бюджеттік жоспарлау департаментінің маманы ретінде бастады.

Әр жылдары құрылыс компанияларында жұмыс істеді, сондай-ақ Алматы қаласының «Алматы жылу желілері» ЖШС-де, Алматы облысының «Жетісу» ӘКК ҰК АҚ-да басшылық қызметтер атқарды.

Тағайындалғанға дейін «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ ТКШ қызметтерінің сапасын арттырудың базалық бағытын іске асыру тобының басшысы болып жұмыс істеді.


Соңғы жаңалықтар