Алматының «Көк базарында» салықтық тексеру барысында бірқатар кемшіліктер анықталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматының «Көк базарында» салықтық тексеру жүріп жатыр. Алматы қаласының Медеу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер Басқармасы 28 мамырдан бастап, «Көк базарда» салықтық тексеру жүргізе бастады. Ондағы мақсат - сатушылардың салық органдарында тіркелген-тіркелмегендерін, бақылау-кассалық машиналардың, POS-терминалдардың және алкогольды өнімдерді сатуға берілетін құжаттардың бар-жоғын анықтау. Бұл турлы бүгін Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

Тексеру барысында бір күннің ішінде салық органдарында тіркелмеген - 6 жеке кәсіпкер, бақылау-кассалық машинасы мен POS-терминалы жоқ - 4 және кіріс пен шығыс журналын жүргізбейтін 9 жеке кәсіпкер анықталды.

Осындай заң бұзушылық әрекеттерге барғандарға кемшіліктерді 10 күн ішінде жою тапсырылды. Әйтпесе, тиісті материал әзірленіп, сотқа беріледі және тауарлар тәркіленеді.

Сонымен қатар, тексеру барысында 1 124 бөтелке арақ-шарап өнімдерін жолдама құжатсыз сату деректері тіркелді.

Егер тиісті құжаттар көрсетілмейтін болса, осы дерекке қатысты материалдар сотқа жіберіледі, ал қалай өндірілгені күдік туғызатын алкогольды өнімдер тәркіленеді.

Тексеруші мамандар сонымен қатар, базардағы сатушыларға салықтық міндеттемелерді орындау бойынша жадынамалар таратты.

Айта кетелік, салық органында жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге бары-жоғы үш құжат қажет:

Олар: бекітілген үлгідегі арыз, жеке куәлік және салық төлеушінің тұрғылықты жерін растайтын құжат.

«Көк базарда» салықтық тексеру одан әрі жалғасуда.

2 3

Соңғы жаңалықтар