21:42, 11 Шілде 2013 | GMT +5
Алматының оңтүстік-батысында жер сілкінісі болды
АСТАНА. 11 шілде. ҚазАқпарат - «ҚР БҒМ СТӘЭ» ММ сейсмикалық станциялар торабы 2013 жылғы 11 шілдеде Алматы уақытымен сағат 14:45:40-та (Гринвич бойынша 2013 жылғы 11 шілдеде сағат 08:45:40-та) жер сілкінісін тіркеді.
Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 310 шақырым қашықтықта Қырғызстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 11.2, магнитудасы MPV 4.9.
Жер сілкінісі ошағының координаттары 41.35° с.б. 74.05° ш.е., тереңдігі 0-5 шақырым. Елеулілігі туралы мәліметтер жоқ.