Алматының орталығында көлік тұрақтары қымбаттайды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев қалада көлік тұрағының тапшылығы, ақылы тұрақ бағасы жөнінде қандай шешімдер ұсынылғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Оның айтуынша, биыл Алматының бірыңғай тұрақ кеңістігін қалыптастыру тұжырымдамасы ұсынылады, онда қаланың барлық сегіз ауданы қамтылады.

«Алматыда тұратындар көше бойында күнделікті көліктер қойылатынын біледі. Бұл тұрақ емес. Қала билігі оларды заңдастырғысы келеді, тиісті инфрақұрылым жүргізгісі келеді. Біз сараланған төлем жүйесін төмендегідей енгізгіміз келді: әлемдік тәжірибедегідей орталықта қымбатырақ, ал орталықтан алыстаған сайын жаңа аудандарға қарай ставка төмен болады. Сондықтан біз осы күзде сараланған тарифті енгіземіз. Қыркүйек айында бұл жұмысты аяқтап, мәслихат қарауына ұсынамыз деп үміттенемін», - деді Ерболат Досаев Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Әкімнің айтуынша, бүкіл қаражат жергілікті бюджетке түседі.

«Қаладағы қай аудан қанша қаражат жинаса, сол қаржы өздеріне қайтарылады. Қала жиналған қаражатты өзіне қалдырмайды, бірақ аудандардың инфрақұрылымын дамытуға бағыттайды. Менің ойымша, аудан әкімдері автотұрақтардан көбірек қаражат жинауға мүдделі болады», - деп толықтырды Е. Досаев.

Көше тұрақтарынан басқа, әкімдік орын аз аулаларда механикалық тұрақ салуды да ұсынған.

Жаңа технологиялар орта есеппен 12-ден 16-ға дейін машина жинауға мүмкіндік береді. Осы арқылы жолдар ашылады.

«Сондай-ақ күрделі, көпдеңгейлі паркингтер де салынады. Жобалар қаланы қаржыландыру есебінен жүргізілмек. Сондай-ақ, біз мемлекеттік-жекеменшік әріптестік қағидаттарына қызығушылық танытқан барлық меншік иелерін осындай автотұрақ салуға шақырғымыз келеді. Қалада салынған қаражат ақталады. Алғашқы көпдеңгейлі тұрақ Ұлттық банк ғимаратының жанында болады. Ол үшін Ұлттық банк бізге өзінің аяқталмаған паркингін берді. Биыл жобалық-сметалық құжаттаманы жасаймыз, ал келесі жылы Сәтбаев көшесінде тұратын бірінші көпдеңгейлі коммуналдық паркингті іске қосамыз», - деп түсіндірді әкім.

Оның мәліметінше, Алматы тұрғындарына 550 мыңға жуық көлік тіркелген.

Күн сайын «Сергек» жүйесі агломерациядан 250 мыңға дейін кіретін машиналарды тіркейді. Осылайша, бір уақытта қалада 750-800 мыңға жуық көлік жүреді.


Соңғы жаңалықтар