Алматының сел жүрген үш ауданынан барлығы 266,8 мың текше метрден астам тұрмыстық қалдықтар мен лай үйінділері шығарылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматының сел тасқыны өткен үш ауданы - Наурызбай, Әуезов және Алатау аудандарынан күні бүгінге дейін барлығы 266,8 мың текше метрден астам тұрмыстық қалдықтар, лай және тас үйінділері шығарылды . Бұл туралы Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
None
None

Қазіргі таңда Наурызбай ауданында тұрғын үйлер мен аулаларды, көшелерді лай көшкінінен тазарту жұмыстары жалғасуда. Сонымен қатар, сел тасқыны өткен Қарағайлы өзенінің бұзылған су арналарын қалпына келтіру жұмыстары да жүргізіліп жатыр.

Коммуналдық қызметтер болса тұрғын үйлерді сумен және газбен қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастыруда.

Бүгінгі таңда ҚР ІІМ ТЖ комитетінің аумақтық бөлімшелері, Республикалық жедел-құтқару жасақтары, Апат медицинасы орталығы, «Қазселденқорғау» ММ, «Қазавиақұтқару» АҚ, ҚР ІІМ Ұлттық ұланы және басқа да қалалық қызметтер тарапынан барлығы 1144 адам мен 188 техника сел салдарын жою жұмыстарына жұмылдырылған.

Соңғы жаңалықтар
Референдум