«Алтай Invest-2016» форумына 13 ел қатысады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өскемен қаласы «Алтай Invest-2016» халықаралық форумы делегаттарын қабылдауда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Форумның ресми ашылуы жұма, 21 қазанға жоспарланып отыр, Шығыс Қазақстан өңірінің инвестициялық әлеуетімен танысу үшін таяу және алыс шетелдерден 300-ден астам делегат келуде. Олардың қатарында Ауғанстан, Болгария, Испания, Италия, ҚХР, АҚШ, Словакия, Чехия, Нидерланды, Ресей, Польша, Тәжікстан және Түркия елдерінің қаржы институтарының, инвесторларының және дипломатиялық корпустарының өкілдері бар.

Форум барысында қатысушылар өз жобаларын әлеуетті инвесторларға таныстыру, жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылау, менеджмент бойынша білімдерін жетілдіріп, ресурстарды тиімді пайдалану және бизнеске инвестиция тарту, сондай-ақ форум аясында өтетін қосымша іс-шараларға қатысу мүмкіндігіне ие болады.

Форумның мақсаты - өңірге инвестиция тарту, Шығыс Қазақстанның брендін әлемге таныту және әлеуетті инвесторларды облыстың инвестициялық мүмкіндіктерімен таныстыру.

Форум бағдарламасында халықаралық деңгейдегі спикерлер және модераторлар жүргізетін өзекті мәселелер бойынша роуд-шоу, инвестициялық жобалар көрмесі, кездесулер ұйымдастырылады.

Халықаралық жиын қорытындысында бірнеше ондаған келісімшарт пен меморандумға қол қойылатын болады.

Соңғы жаңалықтар