17:26, 16 Сәуір 2013 | GMT +5
Алтай мемлекеттік педагогикалық академиясында «Қазақстан апталығы» басталды
ПАВЛОДАР. 16 сәуір. ҚазАқпарат - Кеше Алтай мемлекеттік педагогикалық академиясында (Ресей) «Қазақстан апталығы» басталды Бұл - Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты мен Алтай мемлекеттік педагогикалық академиясының бірлескен жобасы, деп хабарлады ПМПИ-дың баспасөз қызметі.
15-20 сәуір аралығында Барнаулда Алтай мен Қазақстанның трансшекаралық қызметіне, олардың тарихы мен мәдениетіне арналған конференция өтеді. Іс-шараның барысында дөңгелек үстел, шеберлік сабақтары, кездесулер, сондай-ақ педагогикалық академия қабырғасында қазақ тілі мен мәдениеті орталығының ашылуы және спорттық жарыстар өтеді.