«Алтын дауыс» байқауында өңірдің дарынды жас өнерпаздары анықталды

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Жылдың солисі» және «Жылдың вокалды ансамблі» номинациялары бойынша жүзеге асырылған байқауға аймақтың әр түкпірінен 16 мен 29 жас арасындағы 70 үміткер қатысып, бақтарын сынады. Ұйымдастырушылардың ұйғарымымен әр номинацияда үш жүлделі орын белгіленіп, сол бойынша марапаттау шаралары іске асырылды. Екі тур нәтижесімен конкурс лауреаттары арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтарға ие болды. Ерейментау ауданынан келген А.Алдасүгіров, Көкшетау қаласындағы дарынды балалармен жұмыс облыстық орталықтың өкілдері А. Ерғалиев пен Т. Александрова «Жыл солистері», Жанайдар Мусин атындағы қазақ педагогикалық колледждің «Қайнар», «Истоки» мәдениет үйінің «Злато», Зеренді аудандық мәдениет үйінің «Нұр» вокалды топтары үздік вокалды ансамблдер атанды.