«Алтын домбыра» айтысының жеңімпазы алтын домбыра мен 3 миллион теңгеге ие болады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Республика сарайында «Тәуелсіздікке тағзым» атты тақырыпта «Алтын домбыра» республикалық ақындар айтысы басталды. Осымен төртінші рет ұйымдастырылып отырған бұл айтысқа бүкіл Қазақстан бойынша айтулы 22 ақын қатысып жатыр.
None
None

Ұйымдастырушылардың айтуынша, биыл жүлде қоры қомақты.

«Жүлде қоры жаман емес. Оны Алматы қаласының әкімдігі жасады. Бас бәйгені жеңіп алған ақынға алтын домбырамен қоса, 3 миллион теңге табыс етіледі. Бірінші орын алған ақынға 2 миллион теңге, екінші орын алған екі ақынға 1 миллион теңгеден беріледі.

Ал үшінші орын алған үш ақынға 500 мың теңгеден тапсырылады. Басқа да қатысушыларға да әкімдіктің дайындап отырған сый- сияпаты бар» - деді «ҚазАқпарат» тілшісіне берген сұхбатында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, М. Мақатаев атындағы сыйлықтың екі мәрте иегері, ақын Жүрсін Ерман.

Сонымен қатар, ол биылғы айтыстың тағы бір ерекшелігіне тоқталды. «Бұл жолы 22 жүлдегер ақын бірінші күні 11 жұп болып айтыса да, солардың тек жеңгендері ғана әрі қарай өтеді. Бұрынғыдай жеңіске жеткендер балл бойынша емес, «жеңді-жеңілді» деген қағидамен бағаланады. Жеңімпаздарды КСРО халық әртісі Асанәлі Әшімов бастаған, тоғыз адамнан тұратын қазылар алқасы анықтайтын болады», - деді Ж. Ерман.

Айта кетелік, айтыстың шешуші туры 6 желтоқсанда сағат 15:00-де Республика сарайында болады.

Соңғы жаңалықтар