«Алтын күз» жәрмеңкесінде ауылшаруашылығы тауарлары ұсынылды

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Күздің соңғы күндерімен тұспа-тұс келген сауда-саттыққа өңірдің шалғайдағы Жақсы ауданынан бастап іргедегі Бұланды, Еңбекшілдер, Зеренді, Сандықтау аудандарына қарасты ауылдық округтер өкілдері өздерінің үй шаруашылықтарында өндірілген өнімдерін әкелді. Бұл жолы олар ұсынған қырық қабақтың келісі 20-23 теңгеден, сәбіз 25 теңгеден, картоп 30-35 теңгеден, ірі қара мал еті 500-550 теңгеден, қой еті 600 теңгеден, жылқы еті 750-900 теңгеден болды.
Жәрмеңкеде оңтүстіктен жеміс-жидек, көкөніс тасып, сатушылар да қалыс қалмады. Олар пияздың әр келісін 28 теңгеден, қырыққабақты 23 теңгеден, болгар бұрышын 35 теңгеден ұсынды. Сонымен бірге қауын, қарбыз, алмұрт, кепкен жеміс-жидек, шырындар мен қайнатпалар арзан бағамен сатылды. Осылайша жәрмеңкеден қалалықтар қысқы азығын қамтып қалысты.